Салаға саналы ғұмырын арнағандар

Жуырда Жалағаш аудандық Ішкі істер бөлімінде еңбек етіп, бар ғұмырын халықтың тыныштығын қорғауға арнап, қоғамдық тәртіпті қас қақпай күзеткен, қылмыстың алдын алуда уақытпен санаспай қызмет етіп, елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктің жоғары үлгісін көрсеткен бірқатар азаматты әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Шарада сөз алған Жалағаш аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары Сералиев Абзал: «Тарихты білмей келешегіңе көз жүгірте алмайсың» деп дана халқымыз айтқандай, алдыңғы буын өкілдерінің жасаған еңбектерін білу, үйрену, үлгі алу – жастарымызға міндет», – деп атап өтті.
Сонымен қатар, сала ардагері Базарбай Ержанов тыныштық күзетінде еңбегімен еленіп, өскелең ұрпаққа үлгі болып, бүгінгі таңда құрметке бөленіп отырған ішкі істер органдарының ардагерлеріне ізгі лебізін білдірді.
Абыроймен қызмет атқарып, бейнетінің зейнетін көргелі отырған азаматтар қатарында Жалағаш аудандық ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Асылбек Жәнібеков, Жалағаш аудандық ІІБ ЖПҚ Учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Нұрхан Мешітбаев пен Нурадин Нуртазаев, ІІБ Тергеу бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Дәулет Калменов бар. Олар аталмыш салада ширек ғасырдан астам уақыт қызмет етіп, өз саласында жоғары көрсеткіштерге, биік жетістіктерге қол жеткізіп, бойындағы адамгершілік әрі іскерлік қасиеті мен білімділігінің арқасында әріптестер арасында зор абырой мен құрметке ие.
Салтанатты жиынды қорытындылаған Жалағаш аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ибраев зейнет демалысына шыққалы отырған сала ардагерлеріне арнайы сый-сияпат көрсетті.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*