Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / «Бағдаршам-2018» – балалар байқауы

«Бағдаршам-2018» – балалар байқауы

Биыл 20-29 тамыз күндері Қызылорда облысында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысының 18-ші слетін өткізу жоспарлануда. Осыған дайындық ретінде Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «Бағдаршам-2018» атты жас инспекторлары жасақтарының облыстық слеті өтті.
Слетке 12-14 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия оқушылары, осы аталған слеттің аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаз топтары қатысты. Слетте ерекше көзге түскен, белсене қатысып, топ жарып шыққан таңдаулы оқушылар қатарынан құрама топ құрылып, ол республикалық кезеңге жолдама алатын болады.
Қозғалыстың жас инспекторлары слетінің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау.
Саптық байқау, жол қозғалысы ережесінің білгірі, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас тазалықшы, үгіт бригадасы байқауы, эрудиттер турнирі сынды жеті кезеңнен тұрған сайыс нәтижесінде 1-орынды Теректі ауданы орта мектебі, 2-орынды Орал қаласындағы №44 орта мектеп, 3-орынды Ақжайық ауданы орта мектебінің командалары иеленді.
Жеңімпаз командалар білім басқармасының сыйлығымен және дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, «Шэлл» компаниясы оқушыларға жарық шағылыстырғыш ілгектер, құлаққаптар, 3D қаламдар, спорттық жайма және турниктер сыйлады.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Психология – сақшының қаруы

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің экстремалды жағдайлардағы тәжірибелерін пысықтау – өзекті мәселе. Соның ішінде террорлық операцияларға …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған