Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Тілге деген тілек бөлек

Тілге деген тілек бөлек

Жақында Қарағанды облыстық ІІД-де «Мемлекеттік тілді дамыту – рухани жаңғыру кепілі» атты семинар өтті.
Шараға мемлекеттік мекемелердегі тіл мамандары, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Жұпар Жақанова шақырылды. Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының тіл мамандарының ұйымдастыруымен өткен шара мазмұнды, әрі жүйелі өрбіп, нәтижесі көңіл қуантты. Семинардың басты жетістігі Жұпар Рысқұлқызының қолдауымен Ішкі істер департаментінің 600 қызметкері мемлекеттік тілді меңгеру біліктілігін арттыру мақсатында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы сынақтан өтетін болды.
Департаменттің тіл мамандары Шолпан Жұмабаева мен Айтолқын Исинаның баяндамаларындағы статистикаға сүйенсек, құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 91 пайызды құрайды. Сонымен қатар, тіл мамандарының арқасында қызметкерлерді бастауыш және жалғастырушы топтарға бөліп оқыту да жолға қойылған. Ендігі мақсат – сол қызметкерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы біліктілік деңгейін анықтау. Осы тұста, департаментіміз Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, тілдерді оқыту орталығының тарапынан қолдауға ие болып, орталықтың аға әдіскері, «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің жоба жетекшісі, әрі авторларының бірі, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша «оқылым» бөлігінің тұрақты әзірлемешісі әрі сарапшысы, «ҚАЗТЕСТ» стандартын жасауға қатысқан Жұпар Рысқұлқызы тарапынан қолдау тапты.

Қуаныш МЕДЕУБАЕВ, Қарағанды облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған