Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Оқыту бағдарламасы әзірленді

Оқыту бағдарламасы әзірленді

Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №912 қаулысымен ІІМ Қостанай Академиясының базасында пробация қызметі мамандарын оқыту орталығын ашу қарастырылған.
Аталған істің жүзеге асуына «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасының өкілдері белсене атсалысуда.
Жуырда осы жобаны жүзеге асыру бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қостанай Академиясында пробация қызметі мамандарын оқыту мәселелері бойынша семинар өтті.
Іс-шараға «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасының жетекшісі Бен Зенгерик, Академия профессорлық-оқытушы құрамының өкілдері және Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Семинар жұмысы екі бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, пробация қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу және пробация мамандарын оқыту орталығының тиімді қызмет етуі үшін стратегиялық ұйымдастырушылық құрылым әзірленді.
Семинар қорытындысы бойынша пробация қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқу процесін жетілдіру бойынша барлық ұсыныстар назарға алынып, оқыту бағдарламасына енгізілетін болды.

Қостанай Академиясының
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған