Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Суицид – саналы қоғамға жат

Суицид – саналы қоғамға жат

11 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник А. Ахметжановтың төрағалығымен азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы суицидтің профилактикасы бойынша жиналыс өтті.
Шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Қарлығаш Тоқсанова және «Дін істері бойынша зерттеу орталығының» оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бөлім бастығы Наурыз Убаев қатысты.
Жиналыс барысында психолог Қ. Тоқсанова суицидтің түрлері, адамдарда пайда болатын суицидтік көңіл-күйдің негізгі себептері туралы айтты.
Аталмыш семинардың мақсаты – жеке құрамға суицидтік тенденцияның негізгі белгілерін анықтау, трагедиялық жағдайларды болдырмау және оның профилактикасының тәсілдерін түсіндіру, психологиялық кеңес беру.
– Суицид – саналы өз өмірін қию. Әдетте өз бетінше және ерікті түрде жүзеге асырылады, алайда, басқа нұсқалары да болуы мүмкін. Мысалы, ауыр науқастану кезіндегі басқа адамның көмегімен жасалатын суицид немесе деструктивті діни секта мүшелерінің өз-өзіне қол жұмсауы, т.б. Суицидтің себебі соматикалық және психикалық аурулар, өтпелі және созылмалы психологиялық жағдаяттар, өзін-өзі кінәлау, ар-ұятын сақтау қажеттілігі, айыпталудан қорқу, кумирге еліктеу және т.б. болуы мүмкін. Суицид қазіргі қоғамның салмақты медициналық және әлеуметтік проблемасы, – деді Қ. Тоқсанова.
Психологтың айтуынша, қазіргі ғалымдар суицидті 3 түрге бөледі: жариялы актілер – псевдосуицидтер (жалған суицид), шын өз-өзіне қол жұмсау және жасырын суицидтер (жанама өзін-өзі өлтіру, жанама өзін-өзі жоқ қылу). Егер бірінші түрі қысқа мерзімде, кенеттен, аңдаусызда пайда болған қарқынды аффектінің күйінде, адам қабілетсіз немесе жартылай қабілетті халге түскен кезде жасалса, екіншісі жариялы суицидке толықтай қарама-қайшылықта жасалады. Шын өз-өзіне қол жұмсау – индивидтің өмірін тоқтатам деп қабылдаған сөзсіз шешімі, алдын ала дайындық шараларын жүргізуі және нақты жоспар құруы. Шын өз-өзіне қол жұмсау түрінің мақсаты – кез келген жолмен, кез келген құралмен өзінің жердегі өмір сүруін тоқтату. Суицидтің үшінші түрі – бұл жанама өз-өзіне қол жұмсау. Бұл адамның суицидке шартталған мінез-құлықты саналы түрде таңдауы, олар тез өлімді келтіре алмаса да, субъектінің барлық әрекеті өліммен аяқталу ықтималдылығы жоғары болады.
Өз кезегінде Н. Убаев суицид тақырыбын діни аспектіде ашты. Ол кездесу қатысушыларына суицидтің көбінесе моралды-рухани жақтары мен салдарын жеткізді.
Шара барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

«Сандық ұрпақ» сақтықты біле ме?

Жуырда Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебінде ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Актөбе заң …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған