Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Елеулі тұлғаға ескерткіш тақта

Елеулі тұлғаға ескерткіш тақта

Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі Екінші дүниежүзілік соғыс пен ішкі істер органдарының ардагері, милиция старшинасы Саниахмет Қапашев тұрған үйге ескерткіш тақтасын ашу салтанатты шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараға басқарма бастығы, полиция полковнигі Телман Үсенов, облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Жолдыбай Адаев, Орал қаласы, Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов, Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы, ардагер Саниахмет Қапашұлының отбасы және Орал қаласының №20 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары қатысты.
Милиция старшинасы Саниахмет Қапашев 1926 жылы 21 қарашада Орал облысы, Чапаев ауданы, Талпын ауылында дүниеге келген. 1944 жылы қазан айында Кеңес армиясы қатарына шақыртылады. Челябі облысының аймағында бір айлық бастапқы курстан өткеннен кейін Белоруссия мен Польшада, одан Германия жерінде жаумен шайқасты.
Жеңістен кейін 1947 жылға дейін Солтүстік әскери тобының құрамында қызметін жалғастырды. Кейін Калинин қаласынан 1950 жылы 20 қыркүйекте босатылды. Ішкі істер органындағы қызметін 1951 жылы бастап, 1982 жылдың сәуір айына дейін қызмет атқарып, құрметті демалысқа шықты.
Қызмет барысында милиция старшинасы Саниахмет Қапашұлы І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Кеңес милициясына – 50 жыл» төсбелгісімен, Ұлы Жеңістің 30 жыл толуына орай және қызмет барысындағы жоғарғы көрсеткіші үшін «Восток» қол сағатымен, Кеңес әскеріне 60 жыл толуына орай және қызмет барысында жоғарғы көрсеткіш көрсеткені үшін Ішкі істер басқармасының Құрмет грамотасымен, сонымен қатар, құрметті демалысқа шығуына байланысты «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Аталған салтанатты іс-шара соңында Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы және Орал қаласының №20 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ішкі істер органдарының ардагері, милиция старшинасы Саниахмет Қапашұлының ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Ардагер Қапашев Саниахмет Қапашұлы 30 жылдан астам Кеңес милиция қатарында, соның ішінде 29 жыл күзет қызметінде қызмет атқарып, заңдылық пен құқықтық тәртіпке, сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлерін тәрбиелеуге зор үлесін қосты.
Бүгінгі жас ұрпаққа және полиция қызметкерлеріне ардагер Саниахмет Қапашұлының жолын беріп, өз Отанына адал қызмет етуге жазсын.

Ақболат КЕҢЕСОВ, Орал қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

«Бағдаршам-2018» – балалар байқауы

Биыл 20-29 тамыз күндері Қызылорда облысында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысының 18-ші …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған