Максимнің мейірімі

Екібастұз қалалық ІІБ басшылығы атынан №7 мектеп-гимназиясының 4 «Д» сынып оқушысы Максим Петровқа айналасында болып жатқан жағдайларға бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстанымын танытқаны үшін алғыс хат берілді.
Жуырда Максим «Жасыбай» спорт кешенінен жаттығудан қайтып келе жатып, көшеде қайда баратынын білмей, тіпті қайда тұратынын айта алмай жылап тұрған 6 жасар баланы көреді. Максим өзінің жасына қарамай, тез шешім қабылдап, оны жақын тұрған балабақшаға апаруға шешім қабылдады. Оны балабақшаның тәрбиешісіне және меңгерушісіне тапсырып, олар өз кезегінде адасып қалған бала туралы ювеналды полиция қызметкерлеріне хабарлайды.
Алты жасар баланың ата-анасы ұлдары жоғалып кеткенін білгеннен кейін, ІІБ кезекші бөліміне, яғни «102» нөміріне телефон соққаннан кейін, бала ата-анасына табысталды.
Максим өзінің кішіпейілдігін аңғартып, алғыс хат бергенде: «Мен оның қасынан жай өте алмадым және оны жалғыз қалдыра алмадым, ол әлі кішкентай ғой және жылап тұрды», – деп ойын білдірді.
Біз Максимнің ата-анасына және әжесі Валентина Николаевнаға осындай ақкөңіл және мейірімді баланы тәрбиелегені үшін алғыс білдіреміз.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*