Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Халық комиссары болған тұңғыш қазақ

Халық комиссары болған тұңғыш қазақ

Ақтөбе облыстық ІІД мұражайында ішкі істер органдарының алғашқы комиссарларының есімін жастарға таныстыруға арналған кездесу өтті.
Шараға Ұлы отан соғысының ардагері Михаил Диденко, Ақтөбе облыстық ІІД ардагерлері мен жас полицейлер қатысты.
Кездесу барысында Қазақстанның ішкі істер саласында алғашқы халық комиссары /1920-1921 жж./ болып еңбек еткен қазақ халқының көрнекті перзенті, танымал мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамедхафи Мырзағалиевтің өмірі мен қызметі туралы ақпарат берілді.
Бұл шара барысында ІІО қалыптасу тарихы, мемлекет қайраткері М. Мырзағалиев туралы материалдар мен фото құжаттамалар көпшілік назарына ұсынылды.
Кездесуге қатысушыларға мұражай меңгерушісі Айша Өтеулина М. Мырзағалиевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат беріп, ардагерлер өз еңбек жолдарын айтып, жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатындағы келелі ойларымен бөлісті.
«Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор. Біз өзіміздің тарихымызды, тарихи тұлғаларымыздың өмір жолын біліп, оны кейінгі жастарға жеткізу керекпіз. Мұхамедхафиз Мырзағалиев – қоғам қайраткері. Ол Орал өңірінде дүниеге келіп, сауат ашып, ел басқару ісіне араласқан белді азаматтардың бірі. Әсіресе, 1920-21 жылдары алғаш милиция іргетасы қалыптаса бастаған тұста елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында еңбек еткенін бүгінгі жастар, жас тәртіп сақшылары білуі тиіс.1920 жылы қазан айында өткен Бүкілқазақ Кеңестері құрылтай сьезінде Орталық атқару комитетіне мүше және Ішкі істер халық комиссары болып сайланды. Мырзағалиев елімізде алғашқы ұжымдық шаруашылықтар құру ісіне үлес қосты. Сондықтан жастарды алғашқы халық комиссарларының өнегелі еңбек жолымен таныструды мақсат етіп отырмыз, – деді Ақтөбе облыстық ІІД мұражайының меңгерушісі Айша Өтеулина.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

«Сандық ұрпақ» сақтықты біле ме?

Жуырда Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебінде ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Актөбе заң …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған