Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Елордалық полицейлер – ел айнасы

Елордалық полицейлер – ел айнасы

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда полиция қызметкерлерінің жазғы киім нысанына көшуіне орайластырылған жеке құрамның дәстүрлі саптық байқауы өтті.
Негізгі мақсаты – елордалық полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетін тексеру, саптық дағдыларының деңгейін, қызметтік міндеттерін орындауға даярлығын анықтау, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің патриоттық сезімін ояту, жауапкершілігін және тәртіпті қалыптастыру. Саптық байқау жеке құрамның қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алуға және жолын кесуге әзірлік деңгейін анықтау үшін өткізілді.
Саптық байқау даярлығы туралы баяндамадан кейін елордалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев салтанатты сапты қабылдады. Барабанның даусымен құрметті қарауыл гарнизонның туын көтеріп, алып шықты. Полицейлер аяқтарын нық басып, саптық адыммен өтті. Олардың арасында учаскелік полиция инспекторлары, тергеушілер, жедел уәкілдер, жергілікті полиция қызметі қызметкерлері және басқалары бар. Әйел полицейлер легі де ер адамдармен тең дәрежеде саптық шеберлігін көрсетті.
Жас полиция қызметкерлері осы күні азаматтардың құқықтарын сақтауға, қызметтік міндеттерін бұлжытпай орындауға ант берді.
Астанада қызмет өткеру Ішкі істер департаменті жеке құрамына үлкен жауапкершілік жүктейді. Елордалық ІІД республикалық және халықаралық масштабтағы ауқымды қоғамдық-саяси, спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мол тәжірибе жинақтады.
Бүгінгі күні елордалық полиция гарнизоны қызметкерлерінің қылмыспен күресуіне, азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын қорғауына, қалада тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне барлық мүмкіндіктер жасалған.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған