Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Ерлікке баулыған экскурсия

Ерлікке баулыған экскурсия

«Жеңіс жолдарымен». Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне аға ұрпақтың жауынгерлік ерліктерін үлгі ету мақсатында ІІМ-нің мұражайында өткен экскурсия осылай аталды. Аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының командирі, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына арналған тақырыптық экскурсияны алғашқылардың бірі болып ІІМ Кадр жұмысы департаментінің қызметкерлері тамашалады.
Экскурсия барысында ІІМ мұражайының ғылыми қызметкері Алмагүл Сатмағанбетова батыр Бауыржан Момышұлының өжеттілігі мен қайсарлығын үлгі ете отырып, батыр бабамыз жайлы жақында жарыққа шыққан кітапты көпшілікке таныстырды. Бұл кітап Бауыржан атамыздың жүріп өткен жолын тереңірек зерделеуге, қайтпас батырдың жауға қарсы соғыстағы өр істерімен танысуға мүмкіндік береді.
Алмагүл Нұрхамитқызы Бауыржан атамыз жайлы орыс тілінде қайта жарыққа шыққан «Жеңіс жолдарымен» атты кітаптың қысқаша мазмұнына тоқталды. «Бұл кітаптан мен Бауыржан Момышұлының өмірі, жүріп өткен жолына қатысты тың деректерге қанық болдым. ІІМ Орталық аппаратының қызметкерлері үшін бұл кітаптың берері мол. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда мұндай экскурсиялардың рөлі айрықша», – деді мұражайдың ғылыми қызметкері.
Экскурсиядан кейін полиция қызметкерлеріне Бауыржан Момышұлы жайлы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті тамашалаған полицейлер ерекше әсерге бөленді.
Айта кетсек, «Ішкі істер министрлігінің Орталық аппараты департаменттерінің барлық қызметкерлері сәуірдің 23-27 аралығында ерлікті насихаттау мақсатындағы тақырыптық экскурсияны тамашалайтын болады.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған