Заңсыз ойынхана әшкере болды

2-16 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент қаласының аумағындағы заңсыз жұмыс істейтін ойынханалар мен ойын автоматтар залын анықтау бағытында жедел алдын-алу іс-шарасын ұйымдастырды.
Нәтижесінде қала аумағында заңсыз жұмыс істеп келген 6 ойынхана әшкере болды.
Мәселен, 11 сәуірде облыстық ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қалада орналасқан заңсыз ойынханалардың бірін анықтап, егесі жауапқа тартылды. Аталған жайт ҚК-нің «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері соңы қылмысқа ұрындыратын құмар ойындарын жою бағытындағы жұмыстарын жалғастыратын болады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД
Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*