Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Намысты бермеген нар ұл

Намысты бермеген нар ұл

Панкратион – өте көрнекті спорт түрлерінің бірі. Бұл спортта самбо, дзюдо, бокс, грек-рим және еркін күрестері және басқа да жекпе-жек түрлерінің техникалық арсеналын қолдануға рұқсат етіледі.
Жуырда «Amateur international grappling association» қауымдастығымен бірге Қарағанды қаласында «Панкратион» және «Грепплинг» спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Бұл жарысқа Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Сарыөзек ауылының №31 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Санжар Жақсылықбаев та қатысқан болатын. Ол 77 келі салмақта өте жақсы өнер көрсетіп, 3-орын иегері атанды.
Департамент қызметкерлері тек төтенше жағдайлар кезінде ғана ерліктің ерен үлгісін көрсетпей, осындай дүбірлі додаларда да намысты қолдан бермей келеді. Төтеншеліктердің жеңісті жолдары жалғаса беретініне сенім мол.

А. ЖОЛБОСЫНОВ, Алматы облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Запастағы полиция полковнигі Дәулет ТЕМІРХАНОВ: «Динамо» – даңқты спортшылар ордасы

«Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, запастағы полиция полковнигі, Бүкілқазақстандық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған