Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Көлік сақшылары Керекуде

Көлік сақшылары Керекуде

Павлодар стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінде көліктегі ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің слеті өтті.
Оған республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан ішкі істер желілік бөліністерінің 70-ке жуық жас қызметкері мен олардың тәлімгерлері қатысты. Шараның мақсаты – тәртіп сақшыларының кәсіби шеберліктерін арттыру, мамандыққа баулу, жас мамандарды ішкі істер органдарының озық дәстүрлері бағытында тәрбиелеу.
Слетті Көліктегі ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бейімбет Мұқашев салтанатты түрде ашып, барлық қатысушыларды жас қызметкерлердің кезекті слетімен құттықтады. Бұдан соң Павлодар стансасындағы ІІЖБ бастығы, полиция полковнигі Ғалым Омарбеков әрбір тәлімгер мен аға буын өкілінің полиция қызметіндегі үздік дәстүрлерді дәріптеудегі рөліне тоқталды. Полиция полковнигі ішкі істер органдары қызметкерлеріне ел қауіпсіздігін қорғау, азаматтардың еркіндігі мен тыныштығын сақтау бағытында зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
Өз кезегінде департаменттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есбол Шаймерденов Көліктегі ІІД-нің және ардагерлер ұйымының қалыптасу тарихымен таныстырды. Сонымен қатар, көлік полициясының ардагерлері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын барысында жас қызметкерлер өздері таңдаған мамандықтары туралы пікірлерін жеткізіп, ойларын ортаға салды. Полиция кіші сержанты Самат Ермекбаев: «Қысқа мерзім ішінде мен көп тәжірибе жинадым. Соның ішінде өз ісіме мұқият болуды үйрендім. Бұл қызмет мемлекетіміз үшін өте маңызды екенін ескере отырып, алдағы уақытта Отан алдында адал да, абыройлы қызмет ету үшін алдағы уақытта бар күшімді саламын», – деді.
Департаменттің желілік бөліністерінен жиналған қызметкерлер слеттің әріптестер арасында мол тәжірибе алмасуға септігін тиігізіп, аса қызықты, әрі әсерлі өткенін жеткізді.
Шара шеңберінде тәлімгерлерге алғыс хаттар мен мадақтама қағаздар тапсырылды. Бұдан соң қатысушылар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, Павлодар қаласы бойынша экскурсияға шығып, қаланың көрікті жерлерін, Потанин атындағы мұражайды аралады.
Слет соңында Шәкен Айманов атындағы кинотеатрда «Алтыншы бекет» атты бейнефильм көрсетілді.

Павлодар стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған