Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Пробация қызметіне 4 жаңа көлік

Пробация қызметіне 4 жаңа көлік

18 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жазғы киімге ауысуына байланысты салтанатты саптық байқау өтті.
Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ернат Ақылжанов, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыпкерей Баймағамбетов, департамент бастығының орынбасарлары және бағынышты мекемелер басшылары қатысты.
Іс-шарада қызметкерлерге арнайы атақтары ұсынылып, жас қызметкерлер ант қабылдады және ҚАЖ департаменті пробация қызметінің Шалқар, Темір, Мұғалжар №2 аудандық және Ақтөбе қалалық бөлімдеріне жаңа 4 «Нива» қызметтік автокөлігі берілді.
Мерекелік іс-шара Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жауынгерлік жалауы кіргізіліп, Әнұран орындалғаннан кейін, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамының салтанатты шеруімен аяқталды.

Айнұр ТАБУКТИНОВА, Ақтөбе облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Көшеге көрік берген көшеттер

Жуырда ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері елордадағы №71 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған