Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Ардагерлер – жарыс жеңімпазы

Ардагерлер – жарыс жеңімпазы

17 сәуірде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде волейболдан турнир өтті.
Аталған шараға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және Жедел құтқару жасағы, сондай-ақ, Өрт сөндіру мекемесінің өрт сөндіру бөлімшелері мен өртке қарсы қызмет ардагерлерінен тұратын 4 команда қатысып, бақтарын сынады.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде үшінші орынды Жедел құтқару жасағының құрамасы иеленсе, Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы жүлделі екінші орынды місе тұтты. Ал өртке қарсы қызмет ардагерлерден құралған команда жүлделі бірінші орынды иеленіп, әлі аттан түспеген жас қызметкерлерді қайран қалдырды.
Мұнан әрі іс-шара өртке қарсы қызметтің құрылғанына 100 жыл толу мерекесіне орай арнайы дайындалған мерекелік медальдармен сала ардагерлерін марапаттауға ұласты. Алғашқы болып сөз алған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Данилов өрт сөндіру саласының барша қызметкері мен ардагерін айтулы мерекемен құттықтап, бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі боларлық мұндай шараның Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен ұштасатынын тілге тиек етіп, қызметте табыс, отбасына амандық тіледі. Ал екінші болып сөз алған Өрт сөндіру мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Қосыбаев тарихқа көз салмай, болашақты елестету мүмкін емес екендігін еске салып, қызметкерлерді 1 ғасырлық мерекелерімен құттықтады.
Аталмыш шарада қызмет барысында қаза болған Ғабит Естілеуов, Шокан Юсупов, сондай-ақ, ішкі қызмет полковнигі Исабай Ахметбеков, Балтабай Ниязов, Ержан Ахметов пен өзге де әріптестерін еске алған өрт сөндірушілер 1 минут үнсіздік жариялады.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Запастағы полиция полковнигі Дәулет ТЕМІРХАНОВ: «Динамо» – даңқты спортшылар ордасы

«Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, запастағы полиция полковнигі, Бүкілқазақстандық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған