Жүзден жүйрік жас инспекторлар

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі жол үстіндегі қауіпсіздікке және балалардың жол-көлік оқиғалары кезінде алатын жарақаттарын болдырмауға ерекше назар аударады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау – адам өмірі мен денсаулығына келер залалдың алдын алудың бір тетігі.
Жол жүру ережелері бойынша алған білімдерін пысықтау және балалар мен жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алу, осындай қайғылы жағдайлардың орын алмауына мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен қоғамның назарын аударту мақсатында сәуір айының 11-13 күндері аралығында Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі Әкімшілік полиция басқарамасы, Білім басқармасы және Қоғамдық дамыту басқармасы «Қызыл ай» қоғамының Астана қаласындағы бөлімшесімен бірлесе отырып, Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының 18-ші аудандық слетін өткізді.
Слетқа Астана қаласының жалпы білім беретін 66 мектебінің оқушылары қатысты. Тартысты өткен байқау қорытындысында І орынды №80, №70 және №76 мектеп-гимназиялары иеленді.
ІІ орынға №23, №64 және №84 мектеп-гимназиялары тұрақтаса, жүлделі ІІІ орын №3, №9, №28, №83, №69 және №77 мектеп-гимназияларына бұйырды.
Жүлделі орындардан көрінген барлық командаға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*