Жеңіс алаңындағы рәсім

Орал қаласының Жеңіс алаңында Ақжайық өлкесіндегі ҰОС ардагерлерінің ескерткіштері және Даңқ Аллеясы орналасқан жерден алынған топырақ арнайы капсулаға салынды.
Аталған капсуланы «Генералдар кеңесі» Президиумы 27 сәуір күні Волгоград қаласында Қазақстаннан шыққан ҰОС ардагерлері – Сталинград қоғаушыларына арналған ескерткіштің ашылуына орай өткізілетін іс-шараға алып барып, «Мамай қорғаны» мемориалындағы ескерткіштің түбіне арнайы әзірленген орынға апарып қояды.
Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Адаев, ішкі істер органдарының ардагерлері, дін мамандары және қала тұрғындары қатысты.
Шараға қатысушылар Сталинград түбінде болған шайқаста қаза болған жерлестерімізге арнап құран бағыштады.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*