Бизнеске қол сұғылмасын

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілетті индекстің индикаторларын жақсарту бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында жұмыс кездесуі өтті.
Жиынға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер, Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жиналыс барысында облысымызда бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту, әкімшілік кедергілердің бақылау-қадағалау функцияларын төмендету, құқық бұзушылықтарға қатысты ІІМ тарапынан қабылданып жатқан шаралар жайы, қылмыстарды «ізін суытпай» ашу және тергеу, сонымен қатар, кәсіпкерлік және бизнес субъектілеріне қол сұғушылықтарға қатысты мәселелер қаралды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Асқар Оңғарбаев полиция қызметкерлері тарапынан қылмыстық орта беделділерін анықтау, олардың қылмыстарын әшкерелеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын ескертіп, кәсіпкерлікпен айналысу барысында белгілі бір кедергілерге тап болған жағдайда жедел түрде ішкі істер органдарына хабарлау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 266-бабында қылмыстық топтың әрекетін қаржыландырғаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескерте отырып, егер де кәсіпкер бұл туралы өз еркімен мәлімдесе, қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығын ескертті.
Кеңес соңы талқылауға ұласып, жиналғандар толғандырған мәселелер төңірегінде өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, коммерциялық фирмалар және кәсіпкерлерді елеулі шығынға батыратын қылмыстық құқық бұзушылықпен күресу, қылмыстың алдын алу бағытында бірлесіп жұмыстар атқару туралы уағдаластыққа келді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*