Борышкерлерге құрылған тұзақ

Елордалық Ішкі істер департаменті 11-30 сәуір аралығында сот орындаушылармен бірге «Борышкер-2018» жедел алдын алу іс-шарасы өткізуде. Оның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды өндіру.
Іс-шара аясында Астана қаласының аумағында, сонымен қатар, «Рубеж» бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар, жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда.
Жаңашылдықтардың бірі бұрын автоматты жүйелерде тіркелген ЖҚЕ бұзғаны үшін бұзушыларға айыппұл төлеу туралы хабарлама беріледі және әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда хабарлама алған сәттен бастап 5 тәулік ішінде көлік құралын мамандандырылған автотұраққа қою, сондай-ақ, көліктің техникалық төлқұжатын алып қоюға дейінгі мәжбүрлеп орындау түріндегі шара қолданылатын болады.
Сонымен қатар, Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеуге болатыны туралы ақпараттандырады: «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу кассаларында, сондай-ақ, интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер жасауға болады. Және төлеген түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp жіберуге болады (ақша Қазынашылық банк кодына түскеннен кейін айыппұл өтеледі).
http://qamqor.gov.kz интернет сайты арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде «Өз айыппұлдарыңды тексер» бетбелгісіне кіресіз, одан әрі көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардың фотосын шығарып алуыңызға болады.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*