Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Қару тапсырып, сыйақы ал!

Қару тапсырып, сыйақы ал!

Қызылордада заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өтуде.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық Ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы беріледі.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жүргізуші куәлігінен айыру құқығы полицейлерге берілгені дұрыс па?

Жуырда жүргізуші куәлігінен айыру құқығын полицейлерге беру ұсынылды. Мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған