Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Құқық бұзғандар жазасыз қалмайды

Құқық бұзғандар жазасыз қалмайды

Ұзақ бұзақылыққа «Нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру, сондай-ақ, студент жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі сот органдарымен бірлесе отырып әкімшілік құқықтар бойынша көшпелі сот отырыстарын өткізуде.
12 сәуірде «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» колледжінің базасында Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесіп, көшпелі сот отырысы өтті. Онда ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша 25-тен астам әкімшілік іс қаралды.
Сол істердің бірі – 12 сәуірде 1993 жылы туған М. есімді азамат Гете көше бойында орналасқан «Сапаржай» вокзалының жанында шемішке шағып, оның қалдығын жерге тастады, осылайша, қоғамдық орынды ластау арқылы төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытты. Көшпелі сот отырысында сот М. есімді азаматты кінәлі деп танып, 5 АЕК көлемде айыппұл салды.
Сондай-ақ,13 сәуірде «Құрылыс-техникалық колледжі» ғимаратында кезекті көшпелі сот отырысы өткізіліп, 12 әкімшілік іс-қаралды.
Мәселен, 1978 жылы туған С. есімді азамат Сейфулин көшесі бойында орналасқан «Астаналық» жабық базарының аумағында мас күйінде жүрген жерінен ұсталды. Құқық бұзғаны ол ӘҚБтК 440-бабының 4 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен азамат 2 тәулікке қамауға алынып, 3 ай мерзімге құқық бұзушының мінез-құлқына «Ерекше талаптар» қойылды.
Көшпелі сот отырысында көрермендер ретінде колледждердің студенттері қатысты.

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жүргізуші куәлігінен айыру құқығы полицейлерге берілгені дұрыс па?

Жуырда жүргізуші куәлігінен айыру құқығын полицейлерге беру ұсынылды. Мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған