Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Нашақорлық – қатерлі індет

Нашақорлық – қатерлі індет

Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін есірткінің алдын алу мақсатында 11 сәуір күні Наркология және психотерпия орталығында «Жасөспірімдік ортадағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында Астана қалалық Ішкі істер департментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Ювеналды полиция қызметі бірігіп семинар өткізді.
Нашақорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген шараға қалалық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиних, Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Самал Нұрғалашқызы, Наркология және психотерапия орталығының нарколог дәрігерлері және Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының инспекторлары қатысты.
Семинар басында Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігерінің орынбасары Гаухар Теміржанқызы «Нашақорлықтың алдын-алу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, шара барысында сөз алған ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиних: «Бүгінгі іс-шара Наркология және психотерпаия орталығымен біріге отырып, Ішкі істер департаментінің Ювеналды полиция қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл семинар өскелең ұрпақ пен жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу үшін оқыту формасында өтіп отыр. Біз инспекторларымызға нашақорлықтың алдын алу жөнінде мәліметтер береміз, ата-аналармен қандай жиындар өткізу керек екендігін, есірткі заттарын қолданғанда қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайлы мағлұмат береміз. Профилактикалық шара ретінде әртүрлі спорттық және медени іс-шаралар өткізіп, жасөспірімдерді жат қалықтардан алыстатуға жағдай жасаймыз», – деді.
Жергілікті полиция қызмет Ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Самал Нұрғалашқызы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімімен бірге ұйымдастырылып отырған шара өте жоғарғы маңызға ие екенгін атап өте отырып, Ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушылары мен кәмелеттік жасқа толмаған балалармен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, бүгінгі тақырып мен берілген мағлұматтар барлығына қажет екендігін айтты. Семинар Ювеналды полиция қызметкерлерінің нашақорлықпен күресу тақырыбында біліктілігі мен білімдерін артыруына септігін тигізетінін жеткізді.
– Нашақорлықтың алдын алу мақсатымен жылына бірнеше рет оқыту семинарларын өткіземіз. Оқу мекемелерінде біздің ювеналды полиция қызметкерлерімен, мектеп инспекторларымен әлеуметтік тәрбиешілерге осындай оқыту семинарлары өте керек. Қазіргі кездегі наркологиялық жағдайларды алсақ, есірткінің жаңа түрлері туындап жатыр. Олардың клиникасы мен асқынуы өзгеріп бара жатыр. Бұрынғы кезде табиғи есірткілер қолданылса, қазіргі кезде синтетикалық есірткілер пайдаланылып жүр. Ол адамдардың денсаулығына қысқа мерзім ішінде қауіп төндіреді, – деді Наркология және психотерапия орталығының дәрігернаркологы Тоқтар Төлеуханұлы.
Семинар соңында нашақорлық пен оған байланысты қылмыс мәселесіне байланысты бейнеролик көрсетіліп, мектеп инспекторларына жасөспірімдерді нашақорлықтан қорғау мақсатында жиындар мен түрлі профилактикалық іс- шаралар өткізуге тапсырмалар берілді.

Ақжан ИБРАГИМОВА, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Пробация қызметіне 4 жаңа көлік

18 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жазғы киімге ауысуына байланысты …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған