Аудандағы ахуалмен танысты

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД басшылық құрамы жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданына барып, ауылдардағы су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты.
Уәлиханов ауданының тұрғындары су тасқынының қандай болатынын өз тәжірибелерінде жақсы біледі. Осындай табиғат құбылысы болатын ауданның аумағы үнемі жергілікті атқарушы органдар мен облыстық ТЖ департаментінің бақылауында.
ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов пен департамент бастығының орынбасары, подполковник Ерік Сарыбаев Уәлиханов ауданының Қулыкөл, Қайрат, Амангелді селолық округтерінде болып қайтты. Департаменттің басшылық құрамының өкілдері селолық октругтердің әкімдерімен, ішкі істер бөлімдерінің учаскелік инспекторларымен, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында Сілеті өзенінде су тасқынын болдырмау, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің ТЖ алдын алуға, халықтың өмір тіршілігін қауіпсіз қамтамасыз етуге дайындығы талқыланды.
Олар Қулыкөл селолық округіндегі «Сегізкөз», «Кеңарал», «Әлкі» және «Жыра» су өткізгіш жүйелерін көзбен көріп, су тасқыны жағдайында халықты қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар берді.

Руслан СӘДУАҚАСОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*