Нысандардағы жаппай тексеру

Кеше ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру бойынша брифинг өтіп, онда Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин спикер ретінде сөз сөйледі.
Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау өрт туындау қаупі жоғары, адамдар мен материалдық құндылықтарға тигізетін ауыр салдары болуы ықтимал объектілерге бағытталады.
«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 және Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 бірлескен бұйрығына сәйкес құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр сауда объектілері мен ойын-сауық кешендері жоғары тәуекел дәрежесіне қатысты объектіге және ерекше тәртіптегі жыл сайынғы тексеруге жатады.
Тексеру жүргізу тәртібі алдағы болатын тексерулерге дайындалу үшін жағдай туғызатынан, сондай-ақ, негізсіз және кенеттен тексеру жүргізуді болдырмайтынын айта кету керек.
Мәселен, алда болатын тексеру туралы кәсіпкер алдын ала біледі, жартыжылдық тексерулер жүргізу графигі Бас прокуратураның сайтына жартыжылдықтан бұрын орналастырылады. Тексерілетін субъектіге 30 күнтізбелік күн бұрын хабарланады.
Бас прокуратураның тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы 2 сәуірден бастап тәуекел дәрежесі жоғары сауда объектілерін өртке қарсы жай-күйін тексеру басталды.
Тексерудің ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тексеру процесіне жұртшылық өкілдері, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тартылады. Бұзушылықтармен пайдаланылып жүрген обьектілердің тізімі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтына орналастырылады.
Сондай-ақ, сауда обьектілерінің өрттен қорғалуын арттыру жұмысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұртшылық және кәсіпкерлер субъектілерінің өздері де белсенді түрде қосылды.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*