Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Тоқсан нәтижелерін талқылады

Тоқсан нәтижелерін талқылады

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.
Шараға ІІМ орталық аппараты, Ұлттық ұланның басшылық құрамы, өңірлік Ішкі істер департаменттері, қылмыстық атқару жүйесі және Жергілікті полиция бөліністерінің басшылары қатысты. Жиында министр бірінші тоқсанда 65,7 мың қылмыс және 7,8 мың қылмыстық әрекет тіркелгенін атап өтті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12% және 18%-ға төмен. Соның ішінде ауыр қылмыстар (-6%), тонау (-15%), ұрлық (-13%), зорлық көрсету (-16%), бұзақылық (-19%) сияқты қылмыс түрлері айтарлықтай азайған.
Министр өз сөзінде Ұрлыққа қарсы күрестің 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша белсенділікті арттыру қажеттілігін баса айтты. Жыл басынан бері осы бағдарлама аясында өңірлердегі жедел жағдайды сауықтыру және қылмыстық алдын алу бойынша 42800 нақты іс-шара қабылданған. Алқа отырысы барысында қылмыстық сот өндірісін жаңғыртуға бағытталған қылмыстық-процессуалдық заңнаманың жаңа талаптарын қолдану проблемалары мен іс-тәжірибелері, есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары, қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметін жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Отырыс соңында Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Мемлекет басшысының қазіргі уақыттағы тапсырмаларын іске асыруда туындаған бірқатар мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, ішкі істер органдары қызметінің барлық саласында тәртіп пен заңдылықты сақтау, әскери және қызметтік дайындықты нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Пробация қызметіне 4 жаңа көлік

18 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жазғы киімге ауысуына байланысты …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған