Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Мекемедегі діни тұрақтылық

Мекемедегі діни тұрақтылық

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Дмитрий Кобцев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық орталық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұловпен кездесті.
Кездесу барысында облыстық ҚАЖ департаменті мен ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бас бостандығынан айыру орындарында дінаралық келісімді нығайту және азаматтардың ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Департамент бастығы, әділет полковнигі Дмитрий Кобцев бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар арасында имамдардың, дінтанушылардың және сарапшылардың, соның ішінде тарихшылардың, саясаттанушылардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ақпараттық-идеологиялық топ ж сотталғандар арасында зайырлылық принциптеріне негізделген идеологияны қалыптастыруға қолдау білдіретінін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Терминал тонаған топ

Шымкент полицейлері банк терминалын тонаған қылмыстық топты қамауға алды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған