Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Туған тарих – рухани мұра

Туған тарих – рухани мұра

Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің, ата-бабаларымыздың өткенін білу – әрбір азаматтың міндеті. Елбасының өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп айтылған болатын.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастамасымен департаментке қарасты мекемелердің жас қызметкерлерін патриоттыққа және рухани-эстетикалық тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Музей қызметкерлері жас қызметкерлерді жылы шыраймен қарсы алып, осындағы өлкеміздің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысынан, өткен тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 14 залды аралап, мол мағлұмат берді. Экскурсия барысында «Тәуелсіз Қазақстан» залында қызметкерлер еліміздің Әнұранын орындады.
Экспозициялық залдар бойынша музей қорындағы құнды экспонаттармен де жақын танысқан мамандар музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Жалпы, музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан жас қызметкерлер тамаша әсер алып, туған өлке тарихына қатысты білімдерін шыңдап қайтты.

Дана ДОСТАНОВА, Қызылорда облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Курсанттар тігін фабрикасында

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауына, моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған