Ақтөбедегі аламан сайыс

ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және институттың Ғылыми зерттеу бөлімімен бірге Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық сайысы өтті.
Ойынға 7 команда қатысты, олар –Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университеті студенттерінің «ОГУ» командасы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің «Юристы ХХI века», Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты курсанттарының «Авиаторы», ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы Академиясының «Заңгер», ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының «Жас тергеуші», ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы командасының «Арыстан» және Ақтөбе заң институты күндізгі оқу факультеті 1-курс курсанттарының «Бірлік» командалары.
Қазылар алқасы қатарында №1 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Алмагүл Сұлтанғалиева, «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының» медиаторы Тұрсын Кенжебайқызы, ІІМ ардагері, ардагерлер кеңесінің мүшесі Санабай Рзабеков, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Дмитрий Довматенко және Ресей Федерациясы ІІМ Краснодар университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Максим Хомутов төрелік етті.
Ойын бағдарламасы «Команданы таныстыру», «Блиц-сұрақтар», «Капитандар сайысы», «Үй тапсырмасы» («Не? Қайда? Қашан?» БҰҰ адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы шеңберінде) және «Музыкалық сайыс» («Менің Отаным» тақырыбында) атты 5 турдан тұрды.
Интелектуалдық ойынның барлық қатысушысы жақсы білімдерін және теориялық дайындықтарын аталған конкурста тәжірибе ретінде көрсете білді.
Олар І, ІІ және ІІІ дәрежелі алғыс хаттармен марапатталды. 1-орын алған ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Бірлік» командасы, 2-орын алған Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының «Авиатор» командасы және 3-орын алған Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Юристы ХХI века» командалары «Что?Где?Когда?» интеллектуалдық ойынының символы болып табылатын естелік сыйлық үкісімен марапатталып, қалған ойынға белсене қатысқан командаларға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «На пороге 21 века» естелік кітабы сыйға тартылды.
Сонымен қатар, «Үздік капитан» номинациясы бойынша «ОГУ» командасының капитаны естелік қолсағатымен, «Үздік музыкалық сайыс» және «Үздік үй тапсырмасы» номинациялары бойынша «Авиатор» командасы дипломмен марапатталды.

З. НҰРЫШ, Ақтөбе қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*