Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Полиция қызметі – халық сенімінің айнасы

Полиция қызметі – халық сенімінің айнасы

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құқық бұзушылықтардың алдын алудағы полицияның халықпен және азаматтық қоғаммен өзара бірлесе жұмыс істеуі жайында тарқатып айтты.
Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнату және азаматтық қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл туралы айтқан Мақсат Байболов: «Бүгінгі күні осы саладағы қоғамдық қарым-қатынастар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтық қоғамның қатысуы заңмен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттелген. Заңға сәйкес ішкі істер органдарына көмек көрсеткісі келетін әрбір азамат полицияның ерікті көмекшісі қатарына қосылу туралы өтінішпен полицияға жүгіне алады.
Жалпы еліміз бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға жыл сайын 29 мыңнан астам адам жұмылдырылады, олардың 4,5 мыңы қоғамдық құрылымдарға біріктірілген. Мысалы, ауылдық жерлерде «Сақшы» жасақтары жұмыс істейді. Олар көбінесе мал ұрлығының алдын алуға жұмылдырылады. Еліміздің оқу орындарында студенттік жасақтар жұмыс істейді, олар аталған мекемелердің және студенттік жатақханалардың аумағын патрульдейді. Студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», – деді ол.
Оның айтуынша, жыл басынан бері аталған құрылымдардың қатысуымен 1423 қылмыс ашылды, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 12,5 мың адам жауапкершілікке тартылды. Заңнамалық деңгейде қылмыстың ашылуына қолғабыс еткен азаматтар грамота, алғыс хат, бағалы сыйлық және ақшалай сыйақымен марапатталған.
Төраға орынбасарының сөзінше, ағымдағы жылдың тек 1 тоқсанында әкімдіктер полицияға белсенді көмек көрсеткен 955 адамды марапаттаған, оның ішінде 765 адам 14,5 теңгеден астам сыйақымен көтермеленді. Полиция халықпен сапалы қызмет жасауы үшін Ішкі істер министрлігі азаматтар алдында өзінің жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, олармен тығыз қарым-қатынас орнатуда.
«Осы мақсатты жыл сайын ел аумағында «Учаске» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өзінің аумағына қарайтын әрбір үйге және пәтерге баруға тырысады. Тұрғындармен танысады, арыз-шағымдарына құлақ түреді және өздерінің визиттік карталарын таратады. Бұдан бөлек, учаскелік инспекторлар тоқсанына бір рет халық алдында есеп беріп отырады. Мәселен, өткен жылы олар 25 мыңнан астам есеп беру кездесуін өткізді. Оған 1 млн 500 мың адам қатысқан болатын. Кездесулер барысында азаматтар тарапынан 20 мыңға жуық ұсыныс мен ескертулер түсті», – деді төраға орынбасары.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халық пен полицияның өзара іс-қимылы атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталғанын да айта кету керек. Бұл мақсатта жыл сайын халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы өткізіледі. Осындай акциялардың нәтижесінде соңғы 5 жылда халықтан ақшалай сыйақыға ерікті түрде 47 мыңнан астам атыс қаруы, 250 жарылғыш құрылғы мен 1,7 милионннан астам оқ-дәріі тапсырылған. Атыс қаруымен жасалатын қылмыстар санының 44,8 пайызға қысқаруы акцияның тиімділігін көрсетіп отыр.
Биыл да бұл жұмыстар жалғасатын таппақ. Айта кетсек, заңсыз сақталған қару-жарақ заттарды тапсарған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Жадыра МЫРЗА-АХМЕТ, суретті түірген Қанат КӨЛБАЕВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Жас қызметкерлер ант қабылдады

Астана қаласы МКҚБ-да жеке құрамды жазғы киім нысанына көшіру, саптық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ, қызметкерлердің патриоттық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған