Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тұрғындар арасында ұсақ құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша 6 сәуірінде Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде Астана қаласы Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты кезекті көшпелі сот отырысын өткізді.
Сот отырысына «Жасұлан» мектебінің оқушылары, Қазақ мемлекеттік заң университеті мен Кәсіби-техникалық колледждің студенттері, сондай-ақ, «Есіл» аудандық ІІБ ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінде тіркеуде тұрған балалар қатысты.
Көшпелі сот отырысында шамамен 30 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде ӘҚБтК-тің 434-бабы – «Ұсақ бұзақылық», 73-бабы – «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша істер қаралды.
Сәуір айында 1988 жылы туған И. есімді азаматша Сығанақ көшесіндегі №10 үйдің алдыңда темекі тартып, оның қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған. Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері оған ӘҚБтК-тің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сотта И. есімді азаматша өзінің кінәсін мойындамады. Алайда, жасалынған әкімшілік құқық бұзушылық «тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету кешенді жүйесіне» қосылған интеллектуалды камералардың фото-бейнетіркеуіне тіркеліп, айғақ ретінде ұсынылды. Бейнебайқау камералары тұлғаларды, бақыланып отырған аумақтың қиылысын анықтайды. Барлық сигналдар онлайн түрінде Астана қалалық ІІД-нің Жедел анықтау бөліміне жіберіледі.
Көшпелі сот отырысында Астана қаласы Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған азаматша 5 АЕК (12 025 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*