Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Мақсат – жаңа формациялық сапа

Мақсат – жаңа формациялық сапа

2018 жылдың қаңтар айынан бастап ІІМ Оқу орталығында (Астана қаласы) ІІМ Кадр жұмысы департаменті бекіткен және Оқу орталығы басшылығы мен ІІМ Арнайы даярлық департаменті басшылығымен келісілген, арнайы алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларына арналған «Атыс даярлығы» және «Тактикалық-арнайы дайындық» пәндерінен қосымша тәжірибелік сабақтар өтті.
Бұл тәжірибелік сабақтарды Астана қалалық ІІД Арнайы даярлық басқармасының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Қ. Танкеев, инспектор, полиция аға лейтенанты Ж. Мұсабеков және ІІМ Оқу орталығының (Астана қаласы) «Әскери пәндер және дене шынықтыру дайындығы» циклінің аға оқытушылары – Қ. Сейтпулаев, полиция капитаны Д. Бекзат және оқытушы, полиция лейтенанты М. Самиғуллин сабақтарын жүргізді.
Жалпы жұмыс бағдарламасы бойынша «Атыс даярлығы» пәнінен 20 сағат, оның 2 сағаты сыныптық-топтық сабақ, ал 18 сағаты тәжірибелік сабақтарға арналған. «Тактикалық-арнайы дайындық» пәнінен 14 сағат, оның 6 сағаты сыныптық-топтық сабақ, 8 сағаты тәжірибелік сабақтарға арналған. Бұл сабақтар факультативтік сабақтар негізінде жүргізілді.
Қазіргі заманғы қылмыс әлемімен күрес жүргізуде және қылмыстардың алдын алуда қазақстандық полиция алдында жаңа формациялық сападағы дайындалған қызметкерлерді дайындау мақсаты тұр. Сондықтан полиция қызметкерлерін жаңаша сапада дайындау үшін олардың «Атыс даярлығы» және «Тактикалық-арнайы дайындық» пәндері бойынша аса жауапты дайындықтар жүргізу, әсіресе, қызметкерлердің теориялық білімдерін тәжірибемен бекітіп отыру өте орынды. Бұрын шетелдердің жаңалықтарынан көретін және еститін діни экстремизм, террорлық акт немесе қарулы шабуылдар біздің елімізге де қауіп төндіруде. Сол себепті полиция қызметкерлеріне күнделікті өміріміздегі болып жатқан қылмыстық әрекеттерге кез келген уақытта дайын болу өте жоғары жауапкершілікті жүктейді. Осының негізінде арнайы даярлық бойынша аталған екі пәнді болашақ қызметкерлердің білікті меңгеруі – заман талабы.
Өткізіліп жатқан пәндердің негізігі мақсаттарына келетін болсақ, «Атыс даярлығы» – ІІМ-нің жас қызметкерлерді дайындаудағы оқу бағдарламасының негізгі пәндерінің бірі. Ол қызметкерлердің өз жұмысын атқаруда қаруды тәжірибелік жағынан жақсы қолдана білуге және тактикалық жағынан қалыптасқан, дағдыланған дайын қызметкерлер шығаруға септігін тигізеді. Тәжірибелік дайындықтар кезінде тыңдаушыларды қару қолдануға психологиялық дайындауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, атыс қаруын тәжірибелік жағынан тиімді пайдалануға жаттықтырады.
Ал «Тактикалық-арнайы дайындық» кезінде арнайы құралдарды пайдаланғанда өздерінің қауіпсіздігін сақтауды, атыс қаруын әртүрлі жағдайларда қолдана білуді, көлікті тоқтатқан кезде, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қылмыскердің соңына түскенде және оны ұстау кезінде қызметкердің іс-әрекеттерінің тәжірибелік жағынан қалыптасқан дағдысына үйретеді.
Оқу орталығында (Астана қаласы) «Атыс даярлығы» және «Тактикалық-арнайы дайындық» пәндері бойынша тыңдаушылардың қатысуымен жүргізіліп жатқан Астана қалалық ІІБ Арнайы дайындық қызметкерлері мен Оқу орталығы «Әскери пәндер және дене шынықтыру дайындығы» циклі оқытушыларының бірлесіп атқарған жұмыстары болашақта өзінің оң нәтижесін беретініне сеніміміз мол.

М. СМАҒҰЛОВ, Астана қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Пробация қызметіне 4 жаңа көлік

18 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жазғы киімге ауысуына байланысты …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған