Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Сенімді арттырған «Серпін»

Сенімді арттырған «Серпін»

7 сәуірде Ақтөбе қаласында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ҚАЖ комитеті «Еңбек-Ақтөбе» республикалық мемлекеттік мекемесі өңдіретін және түзеу мекемелерінде өз кәсіптерін ашқан кәсіпкерлер тауарлары мен өнімдердің «Серпін» көрмесі өтті.
«Нұр Отан» партиясы ғимараты алаңында арнайы 15 сауда шатыры құрылып, «Еңбек-Ақтөбе» РМК және түзеу мекемелеріндегі шағын және орта бизнес кәсіпкерліктерінде жұмыс істейтін сотталғандар қолынан шыққан 50-ге жуық өнім көрсетілді. Олардың ішінде офистік және тұрмыстық жиhаздар, түрлі металл, темір-бетон бұйымдары, ағаштан жасалған бұйымдар, кәдесыйлар, сандықтар және тігін бұйымдары және сувенирлік бұйымдар бар.
Аталған өнімдермен танысуға құрылыс, өндірістік компаниялар, жергілікті кәсіпкерлер, кәсіпкерлер ассоциациялары, аудандық, қалалық, 100-ден аса облыстық мемлекеттік мекеме басшылары, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері арнайы келді.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 5 жұлдызынан бастап жергілікті телеарналар мен ірі әлеуметтік желілерде «Серпін» көрмесінің өтуі туралы жарнамасы насихатталды.
Шарада Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ернат Ақылжанов, «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының бірінші орынбасары Марат Шотанұлы сөз алып, өздерінің ізгі лебіздерін білдірді.
Бұдан кейін, көрмедегі бұйымдар мен өнімдерді Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаевқа, жергілікті кәсіпкерлерге, облыстық, қалалық мемлекеттік мекемелердің басшыларына және барша қонақтарға «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының бірінші орынбасары М. Салин, ҚАЖД бастығы Ернат Ақылжанов таныстырды.
Шараның екінші бөлігінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығы Е. Кенжеханұлы мен «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысы Анар Нұрлыбекқызы өзара ыңтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
«Еңбек-Ақтөбе» РММ филиалының директорының міндетін атқарушы Оразбай Еңсегенұлы дамуы тежелген, ерекше балаларға арналған қажетті құралдарды шығару мүмкіндіктері туралы баяндады.

Нұргүл ЖҰМАҒҰЛОВА, Ақтөбе қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Пробация қызметіне 4 жаңа көлік

18 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жазғы киімге ауысуына байланысты …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған