Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Мегадағы бірлескен шара

Мегадағы бірлескен шара

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және «MEGA Silk Way» СОО қызметкерлері жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығуға Астана қаласының әкімі А. Исекешев, ІІМ ТЖК төрағасы В. Беккер, Астана қаласы ТЖД бастығы Б. Дұзақбаев, СОО басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты. Жоспар бойынша бірінші қабатта орналасқан кинотеатрдың №3 кинозалындағы электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде жиһаздар өртеніп, өрт ары қарай жапсарлас бөлмелерге таралды. Қызмет көрсету персоналы өртті байқап қалып, өртке қарсы қызметке хабарлайды және адамдарды ғимараттан эвакуациялау жұмысына кіріседі. Шақыру орнына №3 Өрт бөлімінен құтқарушылар жіберіледі. Оқиға орнына төрт минут ішінде Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі келіп жетті. Жедел түрде өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары басталды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Құтқарушылар өмір текшесі көмегімен ғимарат шатырындағы адамдарды құтқарды, сондай-ақ, АЛ-32 көмегімен адамдарды екінші қабаттан эвакуациялау жүргізілді. Барлық жедел қызметтер шұғыл түрде жұмыс атқарып, газбен уланған зардап шегушілерге жылдам көмек көрсетті және жақын жерде орналасқан медициналық мекемелерге тасымалданды. Құтқарушылар мен қаланың жедел қызметінің шұғыл іс-әрекеті өртті дер кезінде ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады. «Оқу-жаттығу толық көлемде ұйымдастырылды және өзара әрекеттестік, сондай-ақ, азаматтық қорғау органдарының барлық құрылымдары мен бөлімшелері, СОО және жедел қызметі жұмысының үйлесімділігін көрсете білді», – деп өз ойын білдірді ІІМ ТЖК бастығы В. Беккер. «MEGA Silk Way» СОО-да далаға шығатын 31 есік бар (тиеу аймақтарын қоса алғанда 24 эвакуациялық шығу есігі және келушілер күн сайын кіріп-шығатын негізгі 7 есік). Оқу-жаттығуға «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 13 техникасы және жеке құрамнан 32 адам қатысты, сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-ның барлық арнайы техникалары мен қызметтері жұмылдырылды.

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

Жас қызметкерлер ант қабылдады

Астана қаласы МКҚБ-да жеке құрамды жазғы киім нысанына көшіру, саптық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ, қызметкерлердің патриоттық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған