Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Халық қалаулылары полиция ведомствосында

Халық қалаулылары полиция ведомствосында

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаттары Қанат Мусин, Светлана Бычкова, Айзада Құрманова, Айгул Нұкина мен Жамиля Нұрманбетова полиция ведомствосына ат басын бұрды.
Кездесуден бұрын олар полиция қызметкерлеріне арналған жатақханаға, Көші-қон қызметінің жаңа қызметтік ғимаратына, Жедел басқару орталығына және жаңа заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған учаскелік полиция пунктінде болды. Айзада Құрманова айтып өткендей, жұмыс сапарының басты мақсаты – «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру» және халықтың ұсыныстарын тыңдау.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов кездесу барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жолдауы мен «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанынан хабардар етті. «Бейнебақылау жүйесін кеңейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша 977 бейнекамера орнатылған. Тек үстіміздегі жылы Петропавлда жалпы сомасы 300 миллион теңге болатын 336 жаңа бейнекамера өз жұмысын бастады. Өткен жылы полицияның 102 қызметкеріне және олардың отбасыларына арналып жатақхана қолданысқа берілді. 40-тан астам полиция қызметкері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мүмкіншіліктері арқылы «Нұрлы Жер» бағдарламасымен баспаналы болды. Сондай-ақ, өңір полицейлері үшін 100 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда облыста 300-ден астам полиция қызметкері баспанаға мұқтаж», – деп атап өтті ІІД бастығы.
Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлеріне арналып осындай жағдайдың жасалып жатқанына оң бағасын беріп, бұл өзге өңірлер үшін үлгі болуы тиіс екендігін айтып өтті. Баспана мәселесі туралы айту барысында қазақстандықтарды «7-20-25» бағдарламасы бойынша күтіп тұрған несиелеу жағдайы туралы айтылды. Сақшылар жаңа жағдайды жоғары бағалады. Және олар бүгіндері тергеушілерге, жедел уәкілдерге, криминалистерге үй жалдау үшін бөлінетін қаражатты ипотекалық займды өтеуге жұмсау туралы ұсыныс айтты.
Сондай-ақ, халық қалаулылары жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Берік Біләлов бұл бастаманың мамандардың кәсібилігін нығайтуға мүмкіндік беретінін және биылғы жыл Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде «Кадр резервінің жылы» болып жарияланғанын айтты. Басты мақсат – полиция жұмысының сапасын және тиімдлігін арттыру.
Сондай-ақ, депутаттар шағын несиелеу туралы айтылған әлеуметтік бағдарламаның төртінші тармағына тоқталды. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Депутаттар айтып өткендей, көп жағдайда әлеуметтік жағдайдың төмен болуы қылмысқа барудың себебі болады екен.
Кездесу соңында халық қалаулылары полиция қызметкерлерінің Президенттің әлеуметтік бағдарламасын ауылдық жерлерде жүзеге асырып, белсенді орындайды деп сенім білдірді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жас қызметкерлер ант қабылдады

Астана қаласы МКҚБ-да жеке құрамды жазғы киім нысанына көшіру, саптық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ, қызметкерлердің патриоттық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған