Бала құқығы

ІІМ Оқу орталығы (Семей қаласы) Арнайы алғашқы оқыту курсының қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарындағы тыңдаушыларының қатысуымен «Адам құқықтары» пәнінен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде арнайы сабақ өтті.
Жалпықұқықтық және әлеуметтік пәндер циклінің оқытушысы, полиция майоры Г. Шрахметова взвод тыңдаушыларымен балалар үйіне кірген соң, жасөспірімдерді бейімдеу орталығы директорының орынбасары Гуля Мейірханқызы орталықтың тұрмыс-тіршілігімен, базасымен таныстырып өтті. Одан кейін оқытушы взвод тыңдаушыларымен орталықты аралап шыққан соң, акт залында балаларымен сәлемдесіп, осы сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстырып, тақырыптың өзектілігін ашып таныстырды.
Балаларымен танысу мақсатында ойын ұйымдастырылып, әрбір қатысушы өз аты-жөнін атай отырып, осы кездесуден нені күтетін айтып, ойын ортаға салды.
Оқытушы БҰҰ бала құқықтары туралы Конвециясының мәтінін қатысушыларға таратып берді. Бірігіп оқып шығып, кейбір жерлерін тыңдаушылар мен тәрбиеленушілерге түсіндірді. БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенциясының жалпы принциптері мен бала құқықтарына қатысты өзгерістер де талқыланды.
Ары қарай Континент ойыны ойналды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен взвод тыңдаушылары 4 топқа бөлінді. Онда әрбір топ құрлық атауымен аталды, мысалы: 1. Америка, 2. Африка, 3. Еуропа, 4. Азия. Онда қатысушылар осы материктердегі балалардың құқықтары мен бостандықтары қалай қорғалады және оның ерекшеліктері туралы сайыс жүргізілді.
Негізгі қорытындылар барлық қатысушылармен бірге талқыланды. Балалардың белсенділігінде шек болған жоқ. Әрбіреуі өз ойларын ортаға салып ерекшеленгісі келді. Содан әрбір топтан екі қатысушыдан ортаға шығып, плакатқа жазылған жұмыстарын қорғады. Қатысушылар тарапынан қосымша сұрақтар да қойылды, түзетулер жасалды.
Осы ойын барысында тыңдаушылардың психо-эмоционалдық кедергілерді жойып, балалармен кәсіби қарым-қатынас жасай білуіне жағдай туды. Тыңдаушылар өздеріне жүктелген міндетті орындай білді.
Кездесу соңында балаларға әзірленген сый-сияпаттар мен тәттілер таратылды. Олардың белсенділіктері ерекше аталып өтілді. Осы сабақ барысында нені білді, нені үйренді, қандай әсер алды – соның барлығын ортаға салынды.

Оқу орталығының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Терминал тонаған топ

Шымкент полицейлері банк терминалын тонаған қылмыстық топты қамауға алды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған