Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Академия курсанты жеңімпаз атанды

Академия курсанты жеңімпаз атанды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 7-28 ақпан аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы тақырыбында эссе байқауын өткізген болатын.
Байқау «Жалпыға ортақ еңбек», «Адалдық», «Сатылмаушылық идеяларын дәріптеу», «Азаматтық белсенді ұстаным», «Еліміздің дамуына жауапкершілік», «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыптары бойынша өтті.
Оған Қарағанды облысының жоғары, техникалық және орта кәсіби оқу орындарының студенттері қатысты.
«Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» тақырыбындағы үздік жұмысы үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бастығының дипломымен ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы заң институты күндізгі оқыту факультетінің 206-оқу тобының курсанты, полиция қатарындағы Әнел Құлжанова марапатталды. Ғылыми жетекшісі – мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, полиция подполковнигі А. Байғұтанова.
Диплом және бағалы сыйлық полиция қатарындағы Ә. Құлжановаға «Жемқорлықсыз болашаққа» жастар форумында табыс етілді.

Қарағанды Академиясының мемлекеттік-құқықтық кафедрасы

Сондай-ақ, оқыңыз

Терминал тонаған топ

Шымкент полицейлері банк терминалын тонаған қылмыстық топты қамауға алды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған