Сұрапыл шайқасқа – 75 жыл

Ақтөбеде Сталинград шайқасының 75 жылдығына арналған салтанатты митинг өтті.
27 сәуірде қазақстандық делегация Волгоград қаласында Сталинград шайқасында мерт болғандарды еске алу шарасына қатысады. Онда қазақстандық жауынгерлердің рухына арналған ескерткіш ашылмақшы.
Ақтөбе жерінде Сталинград қаласын қорғау үшін 74-ші теңіз атқыштар бригадасы мен 129-ші минометшілер полкі құрылған еді.
Салтанатты митингте Сталинградты қорғауда ерлік көрсеткен ақтөбеліктердің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Айта кетейік, Сталинград шайқасы Екінші дүниежүзілік соғысқа түбегейлі өзгеріс әкелді. 1942 жылдың шілдесінен бастап, 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасқан ұрыстар адамзат тарихындағы ең қанды шайқас ретінде қалды. Осы қанды шайқаста екі тараптан 2 миллионнан астам адам мерт болды.
Жиында сөз алған Ақтөбе облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жақсылық Нысаналин: «Біз үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше. Жеңіске жету жолындағы ержүрек ағаларымыздың ерлігі Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сол бір сұрапыл жылдары қазақстандықтар өздерінің Отанына деген патриоттық сезімін дәлелдеді. Ерлік ешқашан ұмытылмайды», – деді.
Ақтөбе жерінің топырағы салынған капсула «Мамай қорғаны» мемориалына жеткізіледі.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*