Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Есептік кездесулер сенімді арттырады

Есептік кездесулер сенімді арттырады

Қалалық мәдениет үйінің залында облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшылығы халық алдында есеп берді.
Ең ірі бөлімшенің жедел-қызметтік жұмысының қорытындысына тоқталмас бұрын Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов бұл құрылымның жұмысын бағалаудағы негізгі критерийлер бөлімшенің ашықтығы мен азаматтардың пікірлері екендігіне тоқталып өтті. Жергілікті полиция қызметінің барлық деңгейдегі қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметтерінің басшылары халық алдында 1184 есеп беру кездесулерін өткізген.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген кешенді іс-шаралар жайында ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Арыстан Сұлтанғазиев айтып берді.
Облыс аумағындағы жалпы қылмыстардың саны 19,2%-ға, ауыр қылмыстар 11,8%-ға, ал ауыр дене жарақаттарын салу 15,1%-ға төмендеген. Жергілікті атқарушы органдар, агроқожалықтар басшыларының және кәсіпкерлердің қолдауымен облыстың елді мекендерін цифрландыруды қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. 37 ауылдық округте бейнеқақылау камералары орнатылды. Бұл жұмыстар Мамлют, Ақжар, Жамбыл, Аққайың, Қызылжар және М. Жұмабаев аудандарында белсенді жүргізілуде.
Петропавл қаласында алғашқы болып 13 учаскелік полиция пункті қызмет көрсететін аумағындағы өзінің жеке бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Жергілікті полиция қызметінің басшысы «Көршілер бақылауы» профилактикалық тобының жұмысына, солтүстікқазақстандықтардың құқықтық сауаттылығының артуы, жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алкогольге қарсы заңнаманың іске асырылуына толығырақ тоқталды.
Есеп беру кездесуі аясында пікір алмасу мен қойылған сұрақтарға жауап беру барысында полицейлерге бірнеше ұсыныс келіп түсті. Автокәсіпорын басшылары темір тұлпарларын қоғамдық көліктердің жолаушыларға арналған жолағына тастап кетіп, автобустардың жұмысына кедергі келтіретін жеңіл автокөлік иелеріне назар аударуды сұрады.
Азаматтар жергілікті полиция қызметінің басшылығынан полицияда тіркеуде тұрған балаларға арналған сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар санын көбейтуді өтінді. Ал, Былғары зауыты тұрғындары Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығын олардың аудандарында Наурыз мейрамын тойлау іс-шарасын ұйымдастырғандығы үшін алғыстарын білдірді.
Есеп беру кездесуіне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахметтің айтуы бойынша, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті қатысатын қоғамдық маңызы бар іс-шаралар адамдардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып, халықты полициямен жақындастыра түседі. Одан бөлек, Мадияр Дүйсенбайұлы солтүстікқазақстандық полицияның метриалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық әкімдіктің көрсетіп келе жатқан көмегі жайында айтып кетті.
Кездесу соныңда облыстық полиция ведомствосының басшысы жергілікті полиция қызметі алдына қойылған қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмалары толығымен орындалатындығын атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Терминал тонаған топ

Шымкент полицейлері банк терминалын тонаған қылмыстық топты қамауға алды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған