Қайраты мол, талабы зор

Тәрбиесі қиын балалардың көбеюі – қоғамды алаңдататын өзекті мәселе болып отыр. Бала тәрбиесіндегі басты жауапкершілік ең алдымен ата-ананың мойнында, сосын өзі араласатын ортасы жауапты. Қадағалаусыз қалған жасөпірім өз бағытынан адасып қиын жағдайға ұшырайды, оның соңы темір торға тоғытылуға апарады. Осындай жасөспірімдерді дұрыс жолға салу – біздің мекеменің негізгі міндеті.
Жазасын өтеп жатқан жасөспірімдерге дұрыс бағыт сілтеу, оң жолға түсіру ісімен тәрбие беру жұмысы бөлімінің бастығы, әділет майоры Алма Бәзілбаева айналысады. Тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес бөлім қызметкерлері толықтай іске тартылып, жауапкершілік пен міндеттер жүктеліп, бөлім бастығының қадағалауымен сотталғандар тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді.
Алма Қойшыбайқызы 1975 жылы 9 сәуірде Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдардан бері осы жасөспірімдер мекемесінде тәрбие бөлімінің бастығы болып еңбек етіп келеді. 1997 жылы Қазақ мелекеттік дүниежүзілік тілдер университетінде неміс және түрік тілінің мұғалімі мамандығын алып, кейін 2006 жылы Экономика және құқық академиясында заңгер мамандығын оқыған.
Еңбек жолын 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/4 мекемесінде режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып бастады. 2003-2004 жылдары ЛА-155/4 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы, ал 2004 жылдан бері Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-не қарасты ЛА 155/6 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы болып қызмет атқарып келеді.
Еңбек еткен жылдары көптеген марапаттауға ие болды. Соның ішінде 2017 жылы Қазақстан полициясының 25 жылдығында төсбелгісімен және осы жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай І дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды. Отбасында аяулы ана, қызметкерлерге үлгілі тәлімгер болса, жұмысында жаңадан келген қызметкерлерге көмегін аяған емес. Мекемеде қызмет атқару барысында, білімділігі мен іскерлігін көрсете біледі. Өз бөліміндегі қызметкерлердің жинақы, нақты жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөледі. Отанына адал қызметкер, ұжымына сыйлы басшы.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*