Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Бірінші тоқсанның нәтижелері

Бірінші тоқсанның нәтижелері

2 сәуірде Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О. Бержановтың қатысуымен «Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы бірінші тоқсанында атқарған жұмысы туралы» баспасөз мәслихаты өтті.
Азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов: «Облыс аумағында 14 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 57,1% өсті (2017 ж. – 8). Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдардың саны 3 есе өсті (2018 ж. – 18, 2017 ж. – 6 адам). Қаза болғандардың саны 25% азайды (2018 ж.– 3, 2017 ж. – 4 адам).
2018 жылдың І тоқсанында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының 3 отырысы өтті.
2018 жылдың І тоқсанында облыс аумағында 410 оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Облыстың апаттық-құтқару қызметтері 380 шақыртуға шықса, оның 27-сі апаттық-құтқару жұмыстары. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 74 адам құтқарылды, 29 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдай аймағынан 212 адам мен 5 техника қауіпсіз жерлерге көшірілді.
2018 жылғы 31 наурызда Сырдария өзенінде мұз жүру толығымен аяқталды», – деді.
Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан І тоқсанда облыс бойынша 83 өрт оқиғасы тіркелген. Олардан келген материалдық шығын 2 млн. 95 мың теңгені құрады. Өрт оқиғаларынан 3 адам қаза болып, 4 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары сауда объектілерінің, сондай-ақ, білім беру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өртке қарсы жай-күйіне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Қызылорда облысы аумағында тұрғындар көп жиналатын «Жібек жолы» ойын-сауық орталығы, «Мұз айдыны» спорт кешені, «Арай» спорт-сауықтыру кешені және 15 сауда үйі мен базар орналасқан. Барлық базарлар, сауда, бизнес орталықтары қатаң бақылауға алынып, ағымдағы жылғы тексеру жоспарларына енгізілді», – деді облыстық ТЖД бастығы.

Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Сондай-ақ, оқыңыз

Терминал тонаған топ

Шымкент полицейлері банк терминалын тонаған қылмыстық топты қамауға алды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған