Жолдаудағы даму жолдары

ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының бекітілген іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Құқықтанушы» ғылыми үйірмесінің шеңберінде 2 жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен институттың ҒЗжРБЖҰ бөлімі біріге отырып, дөңгелек үстел өткізді.
Кездесудің мақсаты – 2018 жылғы 10 қаңтардағы Президент Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, алдағы уақытта курсанттардың патриоттық сезімдерін Жолдаудың негізгі басымдықтары арқылы түйсінулеріне жол ашып, қызметте Жолдауда көрсетілген шараларды жүзеге асыру.
Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының өкілі, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Довматенко, №1 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айна Абдраева қатысты.
Аталған шараның төрағасы ретінде ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Ғалия Сүлейманова сөз алды.
Алғы сөзбен ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Дастан Дәулетияров сөйледі.
Дөңгелек үстелде жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушыларының, сонымен қатар, Ақтөбе заң институты курсанттарының баяндамалары тыңдалды.
Шараға қатысушылар Жолдаудың маңыздылығын, мемлекетіміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінің ерекшелігін айтты. Өз Жолдауында Елбасымыз еліміздің дамуына байланысты өзекті мәселелердің жауаптарын беретіндігімен анықталды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Д. Дәулетияров шараға қатысқан қонақтар мен қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

З. НҰРЫШ, Ақтөбе қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*