Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Куәліксіз жүргізушілер неге көп?

Куәліксіз жүргізушілер неге көп?

Петропавлдағы «Жүргізуші куәлігінен айырылған» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көлік басқару құқығынан айырылған 61 жүргізуші анықталды.
Тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар көлік басқару құқығынан айырылса да, көлік тізгініне қайтадан отырудан тайсалмайды. Осындай фактілерді анықтау және болдырмау мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі «Жүргізуші куәлігінен айырылған» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Операцияға 450-ге тарта полиция қызметкері тартылды. Олардың жартысынан астамы – учаскелік инспекторлар. Олар бес күн бойы көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Бұл жұмыстар барысында олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
Сондай-ақ, жол үстіндегі тексеру жұмыстары да күшейтілді. Оның нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерінің 1671 бұзушылығы анықталды. Ереже бұзушылықтардың қатарындағы кең таралғандары – қауіпсіздік белдігін тақпау, рөлде келе жатып телефонмен сөйлесу. Сәйкесінше, мұндай 256 және 190 бұзушылық анықталды. Жылдамдықты асырған 135 жүргізуші ұсталды. 36 адам техникалық байқаудан өтпеген көліктерімен жүрген.
Іс-шараның аты айтып тұрғандай, осы бағытта жол сақшылары 61 фактіні анықтады.
«Бүгінгі таңда облыста 4111 адам көлік айдау құқығынан айырылды. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында олардың көпшілігі тексерілді. Учаскелік инспекторлар барған кезде үйлерінде болмаған азаматтар кейін де тексерілетін болады», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Арыстан Сұлтанғазиев.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

17 мың заң бұзушылық

Көліктегі ІІД және оның желілік бөліністері қызметкерлері қызмет көрсету аумағындағы жедел жай-күйді жақсарту мақсатында барлық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған