Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Жезөкшелерге пәтерін жалға берген

Жезөкшелерге пәтерін жалға берген

Жезөкшелікпен айналысуға пәтерін жалға берген пәтер иесіне 240 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Наурыз айында Астана қаласы, Сарыарқа аудандық ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік аймақты тексеру барысында, «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» фактісін анықтады.
Пәтер иесі С. есімді азаматша Біржан Сал көшесінің бойында орналасқан өзінің тұрғын үйін жезөкшелікпен айналысатын үш жеңіл жүрісті қызға жалға берген.
Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 39 жастағы азаматшаны ӘҚБтК 450-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 100 АЕК (240 500 теңге) көлемде айыппұл салды және қызметі 3 айға уақытша тоқтатылды.
Жыл басынан бері Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ӘҚБтК-нің аталған бабы бойынша 5 құқық бұзушыға 1 млн 200 мың теңгеден астам айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

17 мың заң бұзушылық

Көліктегі ІІД және оның желілік бөліністері қызметкерлері қызмет көрсету аумағындағы жедел жай-күйді жақсарту мақсатында барлық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған