Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Оңтүстік Қазақстанда шаруалармен кездесті

Оңтүстік Қазақстанда шаруалармен кездесті

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысына Президент тапсырмасымен келген Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сарыағаш ауданында болып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуымен және инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.
Үкімет басшысы Сарыағаш ауданында «КелесПласт» ЖШС-нің қолданылған материалдардан жаңа технологиялар бойынша полиэтиленді пленкалар мен жіптерді өндіру барысымен танысты. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құраса, оның 23 млн теңгесі несиеге алынған. Іске қосылғанына бір-ақ ай болған цех өнімдері ауыл шаруашылығының түрлі бағытында қолданылады.
Мұнан соң Бақытжан Сағынтаев «Жабай ата» жылыжай шаруашылығына ат басын бұрды. Бұл қожалықта заманауи технологияны пайдалана отырып, 3300 тонна қызанақ пен қияр жыл бойы өсіріледі. 2009 жылы құрылған қожалықтың бүгінгі күні 20 гектар суармалы жері бар. Жобаның құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Өндірілген өнімнің 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 40 пайызы Ресей Федерациясына экспортталады.
Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжайлардың жалпы көлемі 1 325 гектарға жеткен. Оның 95,5 гектары өнеркәсіптік, 1229,1 гектары фермерлік жылыжай саналады. Яғни, еліміздегі жылыжайлардың 84 пайыз үлесі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі.
Келесі нысан «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-нің тұқымбағы болды. Шаруа қожалығының басшысы Танабай Шынтасов Бақытжан Сағынтаевқа суармалы егіншілікте жаңа технологиялардың қолданылуы туралы әңгімелеп берді. 2002 жылы құрылған бұл шаруашылықтағы суармалы жер көлемі 96,5 гектарды құрайды. Мұнда бүгінде 200 мың дана жеміс пен 700 мың дана жүзім көшеті және элиталық декоративтік ағаш көшеттері өсірілуде. Өндірілген өнімнің 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 40 пайызы Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларына экспортталуда. Жылына 100 млн теңгенің өнімін өндіретін қожалықта 48 адам жұмыспен қамтылған.
Бұдан кейін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тұқымбақта ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен арнайы жиын өткізді. АӨК-нің дамыту бойынша Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев баяндама жасады.

Сондай-ақ, оқыңыз

Экономикалық даму көрсеткіштері

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған