Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / «Күзет аруы – 2018»

«Күзет аруы – 2018»

Атырау облысы Мамандандырылған күзет кызметі басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында басқарманың қыздары арасында «Күзет аруы – 2018» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – қызметкерлерді мәдени-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу, олардың қоғамдағы белсенділігін, ой-өрісін және ішкі жан дүниесін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Аталған байқау адам бойындағы сабырлық, төзімділік және байсалдылық тәрізді қасиеттерді дамытуға негізделген. Әйел затын тек дене сұлулығы ғана сүйкімді және әсем етпейтіндігін ескере келе, шын сұлу ішкі жан дүниесінің үйлесімділігін көре отырып бағалайтындығы анық. Осындай қасиеттерді мақсат еткен сайыста сөйлеу мәдениетін көтерудің қазығы болып табылатын көркем тілді меңгеруге де баса назар аударылды.
Байқаудың ашылуында Атырау облысы МКҚБ бастығы, полиция полковнигі Н.Тулешов құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Таныстыру, өнер, салтанатты шеру (жүру сымбаты, жүру техникасы), 9мм Макаров тапаншасын жартылай шашу және жинау, қол өнер, ситуациялық сұрақ сияқты 6 турдан тұратын байқауға 15 қызметкеріміз қатысып, өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Жалпы байқаудың қорытындысы бойынша 6 номинация «Сымбатына парасаты сай», «Саусағынан өнер тамған», «Өнерпаз болсан арқалан», «Көрермен көзайымы» және байқаудың жүлдегері «Күзет аруы-2018» атағы берілді. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде «Күзет аруы-2018» номинациясын 1-полиция батальонының полицейі, полиция кіші сержанты Э. Нұрболатова иегері атанды. Барлық қатысушылар грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақтөре ҚУАНЫШЕВ,
Атырау облысы МКҚБ ММ

Сондай-ақ, оқыңыз

Курсанттар тігін фабрикасында

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауына, моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған