Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Азаматтық қорғаныс қызметімен танысты

Азаматтық қорғаныс қызметімен танысты

Жуырда Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қорғалжын ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Қорғалжын ауданы Қорғалжын а. № 15 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері, мақсаты мен тапсырмалары және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің төтенше жағдайларды алдын алу және жою сұрақтары бойынша Қорғалжын мектеп-гимназиясында ашық сабақ өткізілді.
Оқушыларға ақпараттық бейнелер көрсетілді, эвакуация кезінде халықтың әрекеттері туралы жадынамалар және парақшалар таратылды. Ашық сабақ А.Төлеубаев атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушыларын қамтыды.
Оқушылар техникаға, жауынгерлік жабдыққа қатысты, бөлімнің шығу ауданы, жұмыс шарттары, күн тәртібі және жалпы азаматтық қорғау органдарындағы қызметі жайлы сұрақтарын қойды. Оқушылардың сұрақтарына өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ермеков жауап берді. Оқушыларға өрт сөндірушінің жауынгерлік жабдығын киіп көру мүмкіндігі ұсынылды. Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына оқушылардың назарын аудару мақсаты жүзеге асты, оқушылар өрт сөндіру бөлімінен әсерленіп шықты.

Қорғалжын ауданындағы ТЖБ
Қорғалжын ауданы Қорғалжын а. 15-ӨСБ

Сондай-ақ, оқыңыз

«Күзет аруы – 2018»

Атырау облысы Мамандандырылған күзет кызметі басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында басқарманың қыздары арасында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған