Әкімнің алғыс хаты

Погон таққан қыз-келіншектер – ішкі істер органдарының сәні. Солардың қатарында Қызылорда қалалық пробация қызметі қатарындағы мықты, батыл, ер азаматтармен қатар қызмет атқаратын нәзік жанды аруларымыз да бар. Әрқайсысы өз саласының майталманы.
Жуырда С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Шара Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш. Баймановтың құттықтау сөзімен басталып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген азаматшаларды марапаттаумен жалғасты.
Олардың ішінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқан Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық Пробация бөлімі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Айнұр Примова, Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің аға инспекторы, әділет майоры М. Маратқызы, әділет аға лейтенанты Г. Байсариева, әділет аға лейтенанты Ж. Исмайлова, әділет аға лейтенанты Ф. Сембаева, әділет лейтенанты М. Досжанова Қызылорда қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін, Мәдениет үйінің ұжымы әйелдер қауымына арнаған мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Әлеуметтік бастамалардың әлеуеті зор

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев және Ержан Құдайбергенмен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған