Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Шекарада шешімін күткен іс көп

Шекарада шешімін күткен іс көп

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас Қорған, Омбы және Түмен облыстарының полицейлері бейнебайланыс режимінде құқықтық тәртіпті нығайтудағы іс-қимыл жасасу мәселелерін талқылады.
Күн тәртібінде – солтүстікқазақстандық полицейлер ресейлік әріптестерімен заңсыз есірткі заттары айналымымен байланысты қылмыстарды ашу және тергеу; шетелдік азаматтардың келуін бақылау тиімділігін арттыру және компьютерлік қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру мәселелерінде іс-қимыл жасасу.
Кеңестің модераторы болып Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов сөз сөйледі. Кеңесті аша отырып, солтүстікқазақстандық полиция ведомствосының басшысы бейнекөпір өткізу практикасы аса жедел әрі тиімді байланыс жасауды дамытуға басымдылық беретін шекаралық ынтымақтастықтың ажырамас бір бөлігіне айналғанын атап кетті. Ресей тарапынан кеңеске Қорған облысы бойынша Ресей ІІМБ бастығы, полиция генерал-майоры Олег Ильиных, Омбы облысы бойынша Ресей ІІМБ бастығы, полиция генерал-майоры Леонид Коломиец, Түмен облысы бойынша Ресей ІІМБ бастығы, полиция генерал-майоры Юрий Алтынов қатысты.
Талқылауға солтүстікқазақстандық полиция ведомстволарының және өзге де құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты. Бейнекөпірдің сценарийі ақпарат алмасу мен бар мәселелерді талқылау принципі бойынша құрылды. Көбіне заңсыз көші-қон арналарын бірлесіп анықтау мен жолын кесу, Ресейдің шекаралас өңірлеріне Солтүстік Қазақстан облысы аумағы арқылы өтудің жаңа тәсілдері мен бағыттарын қарастыратын ұйымдастырушылар туралы ақпарат алмасу қозғалды. ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция майоры Талғат Әбіловтің айтуынша, 2017 жылы 12 заңсыз көші-қон және 20 шекараны заңсыз кесіп өту фактісінің жолы кесілді.
Заңсыз есірткі тасымалдауды болдырмау қазақстандық және ресейлік полицейлердің қызметіндегі басым бағыт болып табылады. Осы көпқырлы жұмысты жедел ақпаратпен алмаспай, Интернет желісі арқылы жиі жасалатын есірткі қылмыстарын анықтау мен құжаттаудың жаңа әдістерін зерделемей тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. ІІД ЕБҚКБ бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Дулат Жақышевтің ақпараты бойынша, 2017 жылы Петропавл қаласының аумағында жарнамалаумен және таратумен айналысатын 9 сайт анықталып, оларды жабу үшін шаралар қабылданды.
Күннен-күнге кеңінен таралып келе жатқан компьютерлік қылмыс айтарлықтай материалдық шығын келтіретін қылмыстық қолсұғушылық түрлерінің ішіндегі ең қауіптілерінің біріне айналуда. 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында компьютерлік қылмыс желісі бойынша 87 факті тіркелді, оның ішінде 60-ы – интернет-алаяқтық. Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов қылмыстардың 27 фактісі бойынша қылмыскерлерді Ресей Федерациясынан іздестіру керектігін айта кетті.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Әлеуметтік бастамалардың әлеуеті зор

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев және Ержан Құдайбергенмен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған