Жолдауды орындау – жалпыға ортақ

Ақтөбе қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты Зауыт полиция бөлімінің қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады.
Жиында негізінен Жолдаудағы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне арналған тоғызыншы бағыт кеңінен талқыланды.
Конференцияға «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филилалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрайымы Мәрия Тәжібаева, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының бастығы, полиция полковнигі А. Сейтенов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Токушев, Ақтөбе облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Т. Досымбекұлы да қатысты.
Басқосуда Мемлекет басшысы атап көрсеткен он меженің жүзеге асырылуы бойынша тиісті жұмыстардың қолға алынып, нақты іске асырыла бастағандары айтылды. «Онда көрсетілген міндеттерді орындау жалпыға ортақ жауапкершіліктер жүктейді» деп атап өтті Мәрия Тәжібаева.
Жолдауда азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру керек деп атап өтті конференцияға қатысушылары. Ақтөбе өңірінде қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға арналған кешенді жұмыстар қолға алынып отыр. Әсіресе, бейнебақылау камераларының санын көбейту, қоғамдық орындарда, адам көп жүретін жерлерде азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді енгізу жайы да назардан тыс қалмады.
Ақтөбе қалалық ІІБ бастығының кадр ісі жөніндегі орныбасары Асланбек Омаров қызметкерлерді Жолдауды жүзеге асыруда жұмыла жұмыс істеуге үндеді. Бұндай басқосулардың, әсіресе, қызметін жаңадан бастаған жас тәртіп сақшылары үшін де танымдық әрі тәрбиелік мәні ерекше.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*