Жоба аясындағы жан-жақты көмек

Мекемелерде жазасын өтеп, босап шыққан адамға жұмыс табу қиын. Кейбіреуі нәпақа табамын деп жүріп қылмысқа қалай барып қойғанын өзі де білмей қалады. Біздің қарауымыздағы сотталғандармен әңгімелескенімізде оған көзіміз жете түседі.
«Қақпа алдындағы кездесу» жобасының басты мақсаты – темір тордан босап шыққандардың қоғамға сіңісіп кетуі үшін алғашқы күннен-ақ жағдай жасау. Аталған жоба аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматша Ольга Громованың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасына Тараз қаласының қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Тараз қалалық Ішкі істер басқармасыныӊ Жергілікті полиция қызметінің, Жамбыл ауданының пробация қызметі, Тараз қаласы бойынша әлеуметтік бейімдеу мен оӊалту орталығыныӊ қызметкерлері мен өкілдері шықыртылды.
Қақпа алдында сотталған азаматша Ольга Владимировнамен кездесу барысында жоғарыда аталған қызметкерлер жазасын өтеген адамдардыӊ босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу, қазіргі еӊбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары және «Халықты еӊбекпен қамту туралы» заӊына сәйкес мемлекеттік өкілеттік органдардыӊ делдалдығы арқылы азаматтардыӊ жұмыссыздықтан қорғалуына, жұмыс таӊдауына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге кепілдік беретіндігі, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы, негізгі міндеттері, бағдарламаға кім қатыса алатыны, бағыттары және бағдарлама бойынша жұмыспен қамту орталықтарыныӊ міндеттері, бейімдеу мен оӊалту орталығыныӊ тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Босатылушының тұрғылықты үй-жайы болмағандықтан мекеме қызметкерлері алдын ала Тараз қаласының белгілі тұрағы жоқ бейімдеу мен оңалту орталығына тиісті іс-құжаттар жинап, сұрау салған. Аталған мекемеден оң жауап алынды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталған азаматша Ольга Владимировнаға тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімініӊ мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.
Ольга Громова мекеме әкімшілігіне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

М. БАҚЫТЖАНҰЛЫ, Жамбыл облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*